Skip to content
Басты бет » Үндістан делегациясы ҚСЗИ-ға келді

Үндістан делегациясы ҚСЗИ-ға келді

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Үндістанның Ұлттық қорғаныс колледжінің өкілдерімен кездесу өтті.

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов шетелдік делегацияның басшысы, генерал-майор Раджеш Арун Могхемен кездесті. Тараптар әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайды, ынтымақтастықты дамытудың өзекті сын-қатерлері мен келешегін талқылап, өзара әрекеттестік мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. 

Сонымен қатар ҚСЗИ сарапшылары Үндістанның Ұлттық қорғаныс колледжінің делегациясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында олар көптеген тақырыптар бойынша сұхбаттасты.