Бүгінде Қазақстан экономикасы сыртқы және ішкі сын-қатерлердің ықпалында. Жоғары инфляция, сауда-экономикалық байланыстардың үзілуі, әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігіне қысым жасау – мұның бәрі мемлекеттерден шешуші және тиімді әрекеттерді талап етеді.
Халықаралық валюта қорының болжамдары бойынша, 2022 жылдың соңына қарай әлемде инфляция шамамен 2 есе өсіп, 8,8%-ды құрайды. Жаһандық ЖІӨ өсімі де 2 есе баяулайды және 2022 жылы небәрі 3,2%-ды құрайды. Қазақстанда 2022 жылдың бірінші тоқсанында экономикалық өсім 4,4 пайызды құраса, 2022 жылдың соңына қарай небәрі 2,7 пайызды құрады.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың алдына әлеуметтік-экономикалық сала бойынша бастамалар мен міндеттер кешенін қойды.
Бірінші. Нақты секторды несиелендіруге мүмкіндік беретін «ұзын ақшаны» құру, БЖЗҚ салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражатының 50%-ға дейінгі бөлігін жекеменшік басқаруға аудару құқығы кеңейтіледі. Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау шарттарын 7 жылға дейін арттыру мүмкіндігін қарастыру да экономика салаларын белсендірек несиелендіруге мүмкіндік береді.
Екінші. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша $14,5 млрд тікелей инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық. Бұл ретте Мемлекет басшысы атап өткендей, шетелдік инвестициялық жобалар бірқатар шектеулерге тап болады, атап айтқанда, жергілікті жерлерде жүзеге асыруға тиімсіз қолдау көрсету. Бұл жергілікті атқарушы органдардан ерекше назар аударуды талап етеді.
Үшінші. Әрине, тұрғын үй-коммуналдық мәселе өзекті болып қала береді. Өндіруші қуаттардың тозуы бүгінде шамамен 60% құрайды. Сондай-ақ кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту керек. Бұл сектордағы жағдайды жақсарту үшін тарифтік саясаттың жаңа тетіктері мен қосымша қаржыландыру көздері қажет.
Бекжан Садыков,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері