ҚСЗИ бас сарапшысы Әлия Мұсабекова Қытайдағы беделді сараптама алаңы – Жаһандық қауіпсіздік бойынша III Ваншоу диалогында сөз сөйледі. Іс-шараны Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті мен Қытай Халық қауымдастығының Бейбітшілік және қарусыздану жөніндегі халықаралық байланыстар бөлімі тұрақты негізде өткізеді.
Үш күндік семинарға әлемнің 20 елінен 60-тан астам зерттеушілер мен ғалымдар қатысты. Олар халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыстық құбылыстарды, жаһандық қауіпсіздік архитектурасының трансформациясын, сондай-ақ Қытайдың рөлін нығайтуды және жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастырудағы «орта державалардың» маңызының өсуін талқылады.
ҚКП ОК Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Лю Цзяньчао атап өткендей, кейбір елдердің «толық қауіпсіздікке» ұмтылысы мен әлемде бұл ұғымның шамадан тыс кеңеюіне байланысты қайшылықтар мен қақтығыстар шиеленісуде. Қытай Си Цзиньпин ұсынған жаһандық қауіпсіздік бастамасы аясында жалпы қауіпсіздік көзқарасын дамытуға, ашықтық пен инклюзивтілік қағидаттарын ұстануға, ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады.
ҚСЗИ өкілі Әлия Мұсабекова өз сөзінде халықаралық жүйенің көпөлшемді дағдарысы жағдайында өзара байланыс пен коммуникацияны сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Қазақстан аймақтық көшбасшы бола отырып, шекаралардың периметрі бойынша барлық мемлекеттермен тату көршілік қарым-қатынас пен ынтымақтастықты қалыптастырады, сондай-ақ Қытайдың ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілету жөніндегі күш-жігерін жан-жақты қолдайды