Skip to content
Басты бет » Жапония Елшісі ҚСЗИ-да болды

Жапония Елшісі ҚСЗИ-да болды

26 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі  Ясумаса Ииджимамен кездесу өтті.

Кездесудің басында ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Ииджима мырзаға сараптамалық дипломатияны және «екінші трек» форматын дамытуға жапон тарапынан көрсетіліп келе жатқан тұрақты қолдау мен үлесі үшін алғыс білдірді.

«Жапония Орталық Азия мемлекеттерімен С5+ форматындағы ынтымақтастықты 2004 жылы алғаш бастаған ел. Біз Жапонияның өңірмен өзара іс-қимылдағы жүйелі, құрметті және стратегиялық көзқарасын жоғары бағалаймыз. Бұл ұстаным сенімді нығайтуға және орнықты әріптестікті дамытуға маңызды үлес қосып келеді», – деді Ж. Шаймарданов.

Сондай-ақ Жапонияның жетекші сараптамалық орталықтарымен, соның ішінде Жапон халықаралық қатынастар институтымен (JIIA) орнаған ынтымақтастық, сондай-ақ 2025 жылғы 6 наурызда Астанада өткен «Орталық Азия – Жапония» сараптамалық форумының табысты ұйымдастырылуы ерекше атап өтілді.

Өз кезегінде Елші мазмұнды диалог үшін алғыс білдіріп, Жапонияның Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Сондай-ақ ол сараптамалық ынтымақтастықты жалғастыруға және «Орталық Азия–Жапония» өңірлік форматын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сараптамалық ынтымақтастықты дамытуға және ұзақ уақытқа негізделген, өзара пайдалы бастамаларды бірлесе іске асыруға дайын екендерін атап өтті.