
«Қоғам және Дәуір» ғылыми журналының арнайы санына
мақалалар қабылдау туралы хабарландыру
Цифрлық дәуірдегі әлеуметтанулық зерттеулер: трендтер мен сын-қатерлер
«Қоғам және Дәуір» ғылыми журналының редакциялық алқасы зерттеушілерді, ғалымдарды және практиктерді «Цифрлық дәуірдегі әлеуметтанулық зерттеулер: трендтер мен сын-қатерлер» атты арнайы санына мақала жариялауға шақырады.
Бұл арнайы шығарылым әлеуметтанулық зерттеулердің цифрландыру жағдайындағы әдіснамалық трансформацияларына арналған. Технологиялық өзгерістердің жеделдеуі, коммуникация тәжірибелерінің өзгеруі, респонденттердің жауап беру деңгейінің төмендеуі және респонденттерге қол жеткізудің күрделенуі бүкіл әлем бойынша әлеуметтік сауалнамалар мен қоғамдық пікірді зерттеу саласына жаңа сын-қатерлер туындатуда. Сонымен қатар, цифрлық деректердің қолжетімділігінің артуы және жаңа талдау құралдарының пайда болуы әлеуметтік ғылымдардың әдіснамалық құралдарын кеңейтуге тың мүмкіндіктер ашып отыр.
Бұл үдерістер эмпирикалық әлеуметтік зерттеулердің болашағына қатысты маңызды сұрақтарды алға тартады: фрагменттелген және гибридті коммуникациялық ортада деректерді қалай жинау қажет; репрезентативтілік пен деректер сапасын қалай қамтамасыз етуге болады; дәстүрлі сауалнама әдістерін цифрлық және есептік (computational) дерек көздерімен қалай ұштастыру керек. Осы мәселелерді шешу цифрлық дәуірдегі әлеуметтанулық зерттеулердің сенімділігін, валидтілігін және өзектілігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Арнайы шығарылым қазіргі әлеуметтік ғылымдағы жаңа зерттеу тәжірибелері мен әдіснамалық инновацияларды ұғынуға арналған теориялық, әдіснамалық және эмпирикалық еңбектерді біріктіруді мақсат етеді.
Қарастыруға келесі бағыттар бойынша мақалалар қабылданады (бірақ олармен шектелмейді):
- әлеуметтанулық сауалнамалардағы әдіснамалық инновациялар;
- цифрлық дәуірдегі қоғамдық пікірді зерттеу;
- респонденттердің қатысу деңгейінің төмендеуі және оны арттыру стратегиялары;
- онлайн сауалнамалар және цифрлық деректерді жинау әдістері;
- сауалнама деректерін цифрлық іздермен (digital trace data) және үлкен деректермен (big data) интеграциялау;
- аралас әдістер (mixed-methods) және көпарналы (multimode) зерттеу дизайндары;
- есептік әлеуметтік ғылым (Computational Social Science) және жаңа талдау құралдары;
- цифрлық ортадағы іріктеме (sampling) және репрезентативтілік мәселелері;
- цифрлық зерттеулердегі этикалық мәселелер және деректерді басқару.
Барлық ұсынылған мақалалар екі құпия рецензиялау рәсімінен өтеді. Мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады және журналдың ресми талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс.
Мақалаларды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 20-26 сәуіріне дейін.
Арнайы санның жариялану мерзімі: 2026 жылғы 1-2 маусым
Мақалаларды журналдың онлайн-жүйесі арқылы келесі сілтеме бойынша жіберу қажет:
https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/about/submissions
Ілеспе хатта «”Цифрлық дәуірдегі әлеуметтанулық зерттеулер: трендтер мен сын-қатерлер” атты арнайы шығарылымы үшін» деп белгілеуді сұраймыз.
Шақырылған редактор
Беймішева Айгүл Сейтжанқызы
Әлеуметтану бойынша PhD
Қазақстан, Narxoz университеті, Гуманитарлық мектебінің директоры
А. Беймишевадың ғылыми қызығушылықтары әлеуметтік зерттеулер әдіснамасын, қоғамдық пікірді зерттеуді, қоғамның цифрлық трансформациясын, сондай-ақ Орталық Азиядағы әлеуметтік үдерістерге дезинформацияның ықпалын қамтиды. Ол жастар, медиа және ақпараттық экожүйелер мәселелеріне арналған бірқатар ауқымды зерттеу жобаларына жетекшілік еткен және академиялық зерттеулер мен қолданбалы социологиялық талдау тоғысында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

