Skip to content
Басты бет » Алматыда сарапшылар 2023 жылдың қорытындысын шығарып, 2024 жылға арналған күн тәртібін талқылады

Алматыда сарапшылар 2023 жылдың қорытындысын шығарып, 2024 жылға арналған күн тәртібін талқылады

2023 жыл саяси оқиғалар мен экономикалық реформаларға бай бола отырып, серпінді өтті. Бүгінгі таңда аралық қорытындыларды талдап шығару және алдағы жылға болжам жасау үшін жеткілікті деректер бар. Осы мақсатпен Алматыда саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, экономистер, қаржыгерлер, Ұлттық құрылтай мүшелері мен бизнес өкілдері кездесті.

Талқылауға қатысқандардың арасында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья, Азиялық зерттеулер институтының директоры Сұлтан Әкімбеков, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығы директоры Айдар Әмребаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Болат Әуелбаев, сондай-ақ экономистер Расул Рысмамбетов пен Айдархан Құсайынов болды. Сараптамалық кездесудің бастамашысы және ұйымдастырушысы – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты.

Сараптамалық кездесудің қатысушылары 2023 жылы түрлі бағыттар бойынша мемлекеттік саясаттың нәтижелеріне баға берді. Сарапшылар мемлекеттік саясаттың негізгі жетістіктері мен кемшіліктерін атап өтті. Сондай-ақ геосаяси, макроэкономикалық және ішкі саяси ахуалды дамыту туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Оған қоса келесі жылдың күн тәртібі талқыланып, 2024 жылға арналған сыртқы және ішкі саяси, сондай-ақ экономикалық үдерістердің болжамдары мен даму сценарийлері берілді. Кездесуді қорытындылай келе, ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Қазақстанда келесі жылы болуы ықтимал деген сын-қатерлер мен тәуекелдерді атап өтті. Ол жасырын қатерлерді уақтылы анықтау және оларды жою бойынша алдын алу шараларын әзірлеу үшін сараптамалық қоғамдастықтың үйлестірілген жұмысы қажет екенін айтты.