Skip to content
Басты бет » Институт туралы

Институт туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығына сәйкес құрылған мемлекеттік болжамдық-талдамалық мекеме.

ҚСЗИ талдау орталықтарының 2020 жылғы Дүниежүзілік индекс-рейтингіне сәйкес (Global Go To Think Tank Index Report, University of Pennsylvania) Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азияның (58 орталықтан) жетекші талдау орталықтарының үштігіне кіреді. Сондай-ақ «Үздік саясат және Сovid-19-ға институционалдық жауап» номинациясы бойынша әлемнің топ ақыл-ой орталықтарының қатарына кірді. Бұл номинацияға әлемнің түкпір-түкпірінен 83 талдау орталығы іріктелді. Олардың ішінде ҚСЗИ Орталық Азия елдерін кірген жалғыз құрылым болды.

Институттың негізгі қызметі  Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық бағыттары бойынша талдамалық, зерттеу және сараптамалық қамтамасыз ету.

«ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ туралы ереже»