Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ алаңында Канада сарапшыларымен кездесу өтті

ҚСЗИ алаңында Канада сарапшыларымен кездесу өтті

Бүгін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Канаданың Азия-Тынық мұхиты қорының құрметті ғылыми қызметкері Барт Эдес және Макдональд-Лорье институтының Сыртқы саясат, ұлттық қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік бағдарламасының директоры Джонатан Беркшир Миллермен кездесу өтті.

ҚСЗИ сарапшылары мен канадалық қонақтар өз ғылыми ұйымдарының негізгі бағыттары туралы айтып, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты. Сондай-ақ кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Қос тарап екіжақты және көпжақты байланыстарды жандандырудың маңызына назар аударып, ҚСЗИ мен Канаданың жетекші талдау орталықтары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою перспективаларын қарастырды.

Кездесу барысында канадалық think-tank өкілдері ҚСЗИ сарапшыларын келе жатқан 30 жылдық мерейтоймен құттықтады. Олар институттың Орталық Азия аймағында жетекші талдау орталығы ретіндегі рөлі ерекше екенін айтты.

Сондай-ақ қонақтар 13-14 шілде күндері Астанада өтетін, әлемнің 20-дан астам елінен жетекші сарапшылар қатысатын Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия форумына қызығушылық танытты. Сарапшылардың пайымдауынша, мұндай бастамалардың жаһандық аналитикалық қауымдастықты дамытудағы маңызы зор.