Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өткізді

ҚСЗИ директоры Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өткізді

14 желтоқсан күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында директор Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Татьяна Савельева және Жұлдыз Сүлейменовамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар мен жаңа экономикалық саясаттың негізгі аспектілерін талқылады. Атап айтқанда, бюджет жүйесінің тиімділігін арттыру, еңбек нарығын дамыту мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік өміріндегі әйелдердің рөлін кеңейту мүмкіндігі туралы мәселелерге ерекше назар аударылды.

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов адами капиталды дамытудың маңыздылығына және оның Қазақстан экономикасындағы рөліне тоқталды. Оның пікірінше, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларына инвестиция салу – өркендеген қоғамды қалыптастырудың сенімді жолы.

Мәжіліс депутаттары заң шығару қызметінің өзекті мәселелерін шешу туралы өз көзқарастарымен бөлісіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмысы шеңберінде іске асырылып жатқан негізгі бастамалар туралы хабардар етті.