Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ Сыртқы саясат жөніндегі сараптамалық кеңестің құрылуы жайында хабарлады

ҚСЗИ Сыртқы саясат жөніндегі сараптамалық кеңестің құрылуы жайында хабарлады

2023 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өткен сараптамалық кездесу барысында Сыртқы саясат жөніндегі сараптамалық кеңестің құрылатыны жарияланды.

Ұйымдастырылған іс-шараға ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов бастаған институт қызметкерлері, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, ТАЛАП қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, МБА Дипломатия институты директорының орынбасары Әнуар Аязбеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Ерсұлтан Жансейітов қатысты.

Кездесу қатысушылары халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, Қазақстанның сыртқы саясатын дамытудың перспективалық бағыттарын және сараптамалық ынтымақтастықтың жаңа форматтарын талқылады. Сонымен қатар олар сараптамалық кеңес тұрақты негізде жұмыс істейтінін және аналитикалық ұйымдар үшін ынтымақтастыққа дайын болатынын мәлімдеді.