Сайлаудың ең белсенді процесі ретінде сайлауалды үгіт-насихат туралы айтуға болады. Оны жүргізу тәртібі «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңымен реттелген. Белгіленген нормаларды сақтамау жауапкершілікке әкеледі. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы азаматтық кодексте сайлауалды үгіт-насихат тәртібі мен шарттарды бұзған үшін тоғыз бап қарастырылған. Мәселен, бұл сайлауалды үгiтті тыйым салынған кезеңде жүргiзу, сайлауалды үгiтті жүргiзу құқығына кедергi келтiру, БАҚ арқылы сайлауалды үгiтті жүргiзу шарттарын бұзу, сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу. Сондай-ақ анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату және сайлауалды үгітке бөлінген қаражатты шығындау әкімшілік бұзушылық болып саналады.
Жалпы президенттік сайлауға үгіт-насихат 2022 жылдың 21 қазанынан басталып, 2022 жылдың 19 қарашасында сағат 00.00-де аяқталды. Осы уақыт аралығында сайлау алдында тыныштық тәртібі орын алды. 2022 жылғы 20 қарашада сайлау күні сайлаушылар Қазақстан Республикасының Президентіне кандидатты сайлауға бюллетеньдер алды.
Әдетте үгіт бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сайлау алдындағы іс-шараларды жариялау жолымен, кандидаттардың және олардың сенімді тұлғаларының сайлаушылармен жеке кездесуі, сондай-ақ баспа, аудио шолу және өзге де материалдарды тарату арқылы үш негізгі тәсілмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты кандидаттарға БАҚ-қа минималды қолжетімділік берілді. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламаларды ұсыну үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.
Қазіргі сайлауалды үгітті құрылымды дайындық пен орташа белсенділік, президенттік сайлауға қатысушылардың ұстамды және жалпыланған сайлауалды уәделерінен байқауға болады. Соңғысы еліміздегі қалалардың бас көшелерінде жарнамалық плакаттардан анық көрінді. Оны БАҚ және әлеуметтік желілердегі сайлауалды жарияланымдарды растайды.
Мұхит Асанбаев,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
жетекші ғылыми қызметкері