Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закариямен кездесті.
ҚР ҰҒА – көптеген жылдар бойы институт серіктестерінің бірі болып келеді. Көпжылдық ынтымақтастық кезеңінде бірқатар табысты нәтижелерге қол жеткізіліп, ғылыми әзірлемелермен алмасу, бірлескен жобалар мен іс-шараларға қатысу тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Ғылыми мекемелердің ұзақ мерзімді одағы – қазақстандық ғылымның тұрақты дамуына бағытталған табысты ғылыми ынтымақтастықтың үлгісі.
Кездесу соңында Е. Тұқымов пен К. Закарья 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.