Skip to content
Басты бет » Табысты ғылыми ынтымақтастықтың мысалы

Табысты ғылыми ынтымақтастықтың мысалы

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закариямен кездесті.

ҚР ҰҒА – көптеген жылдар бойы институт серіктестерінің бірі болып келеді. Көпжылдық ынтымақтастық кезеңінде бірқатар табысты нәтижелерге қол жеткізіліп, ғылыми әзірлемелермен алмасу, бірлескен жобалар мен іс-шараларға қатысу тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Ғылыми мекемелердің ұзақ мерзімді одағы – қазақстандық ғылымның тұрақты дамуына бағытталған табысты ғылыми ынтымақтастықтың үлгісі.

Кездесу соңында Е. Тұқымов пен К. Закарья 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.