Skip to content
Басты бет » Ұлттық құрылтайдың түйінді месседждерін жүзеге асыру аясындағы сарапшылар қауымдастығының өзара әрекеттесу форматтары

Ұлттық құрылтайдың түйінді месседждерін жүзеге асыру аясындағы сарапшылар қауымдастығының өзара әрекеттесу форматтары

2024 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Алматы қаласында «Ұлттық құрылтайдың түйінді месседждерін жүзеге асыру аясындағы сарапшылар қауымдастығының өзара әрекеттесу форматтары» тақырыбында сараптамалық талқылау өткізді.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ өңірлердегі сұхбат алаңдарының жұмысын жандандыруда, атап айтқанда көптеген сарапшылар мен ғалымдардың шоғырланған жері – Алматы қаласында. Аталған алаңдар қоғамда өзекті ішкі саяси және сыртқы саяси күн тәртібін ілгерілету және оларды қабылдауына ықпал ету үшін ғылыми-зерттеу және аналитикалық құрылымдардың ғалымдары мен сарапшыларының, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының және азаматтық сектор өкілдерінің өзара іс-қимылы мен тиімді коммуникациясына күшейтуге бағытталған.

Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Әсел Назарбетова сараптамалық талқылауды аша отырып, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында зиялы қауым өкілдеріне, сарапшылар қауымдастығы мен БАҚ өкілдеріне бірнеше рет үндеу тастап, әлеуметтік кеселдерге біріге қарсы тұруға, қоғамда прогрессивті ұстанымдарды насихаттаудың тиімді тетіктерін ұсынынып, алға жылжытуға шақырғанын атап өтті.

Сараптамалық талқылаудың негізгі спикерлері Ұлттық құрылтай мүшелері болды. «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы айтқан әрбір құндылықтың мағынасын ашу қажеттігіне және біз оларды түсінетінімізге аударды, ал бұл идеологиялық жұмыс пен құндылықтар жүйесі саласындағы зерттеулермен айналысатын теоретиктер мен сарапшылар үшін маңызды жұмыс.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының басшысы Гүлмира Илеуова қоғамда нигилизмнің жайылу үрдісін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін оның пікірінше азаматтық қоғам институттарының да қатысуымен жария талқылау қажет.

«Құқық қорғаушылар» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Айман Умарова зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша оның қайнар көзін, факторларын, философиялық-психологиялық аспектілерін терең түсіну, сондай-ақ жасалатын қылмыстарды құқықтық реттеуді қатаңдату үшін іргелі зерттеулер жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Ізгілік акселераторы: Izgilik elshisi» ұлттық еріктілер қозғалысының басшысы Айнұр Сәбитова волонтерлік қызмет арқылы тәрбиелік мәні бар эффект алу мүмкіндігін көрсетті. Ол еріктілер қатарына еліміздің қоғамдағы құбылыстарға бей-жай қарамайтын азаматтары мен саналы жастары кіретінін атап өтті, солар арқылы «Адал азамат» қалыптастырып, Әділ Қазақстанды құруға мүмкіндік бар екенін атап айтты.

Сонымен қатар сараптамалық кездесу барысында Алматы қаласы сарапшылар қауымдастығының өзара іс-қимылының форматтары мен бағыттары, Ұлттық құрылтайдың түйінді месседждерін іске асырудағы және Әділетті Қазақстанды құрудағы сарапшылардың әлеуеті талқыланды. Сарапшылар сондай-ақ қоғамдық топтасуды арттыруға, жаһандық даму контекстінде жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыруға және нығайтуға ықпал ететін сындарлы идеялары және ұсыныстарымен пікір алмасты. 

Сарапшылық талқылау қорытындысы бойынша ҚСЗИ Ұлттық құрылтай отырыстарында ғана емес, қоғамда сараптамалық бағалау мен түсіндіруді талап ететін барлық басқа да өзекті мәселелер бойынша айтылған ұсыныстар мен жаңа идеяларды талқылауда сарапшылар қауымдастығының жүйелі жұмысы үшін өз алаңын ұсынды. Осындай тақырыптардың бірі ретінде көптеген өңірлердегі су тасқынына және оның салдарын уақтылы жоюға байланысты елдегі жағдайды талқылау ұсынылды.