Skip to content
Басты бет » «Қоғам келбеті»: Ең маңыздысы, денсаулық!

«Қоғам келбеті»: Ең маңыздысы, денсаулық!

Қазақстандықтардың өз денсаулығын қалай бағалайтындығы туралы сауалнаманың нәтижелерін ұсынамыз.

Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) құрылған күніне орай бүкіл әлемде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн психикалық және тән саулығының маңыздылығын, сондай-ақ оның уақтылы алдын-алу қажеттілігін еске түсіруге мүмкіндік береді.

Бір жылдан астам бұрын коронавирустық пандемия басталды, ол бүкіл әлемге және барлық елдердің азаматтарына әсерін тигізді. Сондықтан, бүгін, еш уақытта болмағандай, әркім, өзі үшін денсаулығының маңыздылығын сезінді.

Қазақстандықтардың пандемияға дейінгі 2019 жылы және содан кейін, коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулер орын алған –2020 жылы өз денсаулығына қатысты не ойлайтыны туралы сауалнама деректерін қарастырып,өзара салыстырамыз.

Зерттеу барысында респонденттердің едәуір бөлігі денсаулық жағдайына қанағаттанғандықтарын айтты. 2019 жылы сондайлардың үлесі 81,2%-ды құрады. Ал, 2020 жылдың қарашасында өз денсаулығының жағдайына қанағаттанған респонденттердің үлесі айтарлықтай жоғары болды,бірақ 2019 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген – 78,9%.

Материалдың толық нұсқасын мына жерден қараңыз