Skip to content
Басты бет » КИМЭП университетінде Гарвардта оқу тәжірибесі туралы мотивациялық дәріс өтті

КИМЭП университетінде Гарвардта оқу тәжірибесі туралы мотивациялық дәріс өтті

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Әлеуметтану ғылымдары факультетінің студенттері мен магистранттарына «Гарвард сабақтары: құндылықтар, еңбектену және мотивация» тақырыбында арнайы дәріс оқыды.

Дәріскер мотивациялық лекциясында өзінің Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебіндегі оқу тәжірибесі туралы айтып берді.

Еркін Тұқымов Гарвардқа түсудің шарттары мен қажетті дайындықтары туралы, сондай-ақ дәстүрлер, құндылықтар және оқу үдерісі, университеттің интеллектуалдық еркіндік атмосферасы, қажетті білім мен дағдыларды меңгеру үшін қандай курстарды таңдаудың маңыздылығымен бөлісті. «Көшбасшылықтың көп өлшемді феномені жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу үшін күшті және әлсіз жақтарды танудың маңыздылығы сияқты ұғымдармен байланысты. Өзіңізді және қабілеттеріңізді нақты түсіну сізге өмірде саналы шешім қабылдауға және болашақ біліміңіз бен мансабыңызды жақсы бағдарлауға көмектеседі», – деді ҚСЗИ директоры.