Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас ғылыми қызметкері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас ғылыми қызметкері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас ғылыми қызметкері, В1-1 санаты

Функционалдық міндеттері: Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және орындау, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын таңдау, олардың түпкі мақсаттары мен болжамды нәтижелерін тұжырымдау, қойылған міндеттерді шешу жолдарын айқындау. ҚСЗИ ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын қалыптастыруға және оларды іске асыруға қатысу, жұмыстарды бірлесіп орындау кезінде бірлесіп орындаушылардың қызметін үйлестіру; әлеуметтік-экономикалық зерттеулер шеңберінде заңдардың, тұжырымдамалардың, нормативтік-құқықтық, бағдарламалық және әдістемелік құжаттардың, болжамдар мен ұсыныстардың жобаларын сараптауға қатысу. Ағылшын тілін пайдалана отырып бөлім қызметінің бағыттары бойынша, іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу; ҚСЗИ-нің отандық, шетелдік және халықаралық ғылыми орталықтармен ғылыми байланыстарын кеңейту, олар өткізетін ғылыми форумдарға қатысу, жарияланымдар дайындау, бөлім қызметін ақпараттық сүйемелдеу; ғылыми-практикалық конференциялар дөңгелек үстелдер, сараптамалық кездесулер және өзге де іс-шаралар дайындауға және өткізуге қатысу.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
В1-1686 865739 448

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі: «Экономика», «Қаржы», «Бизнес», «Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік саясат», «Менеджмент», «Әлімдік экономия», «Банк істері» мамандықтары бойынша. Ғылым докторы ғылыми дәрежесі, ашылуға арналған ірі ғылыми еңбектердің немесе дипломдардың және өнертабыстарға авторлық куәліктердің, сондай-ақ практикада іске асырылған нәтижелердің, тиісті білім саласындағы ғылыми беделдің болуы және ғылыми жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) соңғы жұмыс орнынан сипаттама.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.