Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы
Бағдарламаны «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РМУ (бұдан әрі – ҚСЗИ) жүзеге асырады және отандық жас сарапшылардың сараптамалық және ғылыми-зерттеу саласында бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуге қолдау көрсетуге бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты сарапшылар қауымдастығын жаңа кадрлармен және инновациялық идеялармен толықтыру үшін дарынды жас сарапшыларға қолдау көрсету.
Өтінімдер 2025 жылдың 7 сәуірінен 30 мамырына дейін қабылданады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысу үшін Үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:
– Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде жасы 40 (қырықтан) аспаған Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
— еліміздің өңірлерінің бірінде тұруы (Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда);
— гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша кемінде магистр дәрежесі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы;
— ғылыми басылымдарда жарияланымдары және БАҚ-та талдамалық материалдары болуы.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер бекітілген Ережеге сәйкес granty.kisi2025@gmail.com электрондық поштасына Өтінім жіберуі керек.
Жүктеу:
Бағдарламаға қатысушылар 4 апта ішінде жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өздерінің зерттеу тақырыптарына сәйкес оқу-әдістемелік тренингтер, семинарлар мен шеберлік сабақтарынан өтеді. Оқу модулі аяқталғаннан кейін Бағдарламаға қатысушылар өздерінің уәждемелік эсселерінде көрсетілген тақырып бойынша 8 апта ішінде жеке талдамалық баяндамаларын әзірлейді. Қатысушыларға менторлық қолдау көрсетіледі.
Зерттеу бағыттары:
- Экономика;
- Өңірлердің орнықты дамуы;
- Стратегиялық даму;
- Халықаралық ынтымақтастық
Өтінімге келесі құжаттар кіреді:
- осы Ереженің №2 қосымшасына сәйкес толтырылған өтініш нысаны (pdf форматындағы қол қойылған скан-көшірмесі және Word-ғы электронды нұсқасы);
- осы Ереженің №3 қосымшасына сәйкес уәждемелік эссе (pdf форматындағы қол қойылған скан-көшірмесі және Word-ғы электронды нұсқасы);
- осы Ереженің №4 қосымшасына сәйкес зерттеу тақырыбының негіздемесі (proposal) (pdf форматындағы қол қойылған скан-көшірмесі және Word-ғы электронды нұсқасы);
- үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың скан-көшірмесі;
магистратураны бітіргені туралы дипломның, философия докторы (PhD)/ профилі бойынша доктор/ ғылым кандидаты/ ғылым докторы (ғылыми дәрежелер бар болса) бітіргені туралы дипломның скан-көшірмесі. Ескертпе: шетелдік дипломдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білімі туралы құжатты (құжаттарды) тану міндетті, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген растау хаты қажет.
- еңбек кітапшасының немесе еңбек өтілін растайтын өзге де құжаттардың скан-көшірмелері;
- Ғылыми еңбектерінің және БАҚ-дағы талдамалық материалдардың тізімін, мақалалардың скан-көшірмесін немесе жарияланымдарға белсенді сілтемені қосымша жолдау міндетті.
Келесі жағдайларда ҚСЗИ себептерін көрсетпей Өтінімді қараудан бас тартуға құқылы:
- Өтінімді хабарламада көрсетілген мерзімнен кеш ұсыну;
- Үміткердің құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы, Өтінімде толтырылмаған тармақтардың болуы және/немесе Өтінімнің/Үміткердің осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеуі;
- құжаттардағы дәйексіз деректердің анықталуы;
- ҚСЗИ үшін беделдік нұқсан келтіретін мәліметтердің анықталуы;
- құжаттардың скан-көшірмелерінің сапасының төмендігі;
- уәждемелік эссе мен зерттеу тақырыбының негіздемесіндегі жалпы сөздер саны бойынша талаптардың сақталмауы.
Байқауға қатысу тегін. Үміткер бір ғана Өтінім беруге құқылы. Үміткер ҚСЗИ-ға өтінім бергеннен кейін Өтінімнің осы Ереженің талаптарына сәйкессіздіктерін жою мақсатында Өтінімге өзгерістер енгізуге құқығы жоқ. Өтінімді қарау Үміткердің жазбаша өтініші бойынша ҚСЗИ тарапынан тоқтатылуы мүмкін. Бағдарлама туралы толық ақпарат, оның ішінде Бағдарлама ережелері, өтінімдер және іске асыру мерзімдері ҚСЗИ ресми сайтында www.kisi.kz орналастырылған.
Финалистерді іріктеу:
- Үйлестіруші Бағдарламаға қатысушылардың жеке талдамалық есептерін Конкурстық комиссияның қарауына жібереді. Байқау комиссиясы ұсынылған талдамалық есептерді 5 жұмыс күні ішінде бағалайды және жай дауыс беру арқылы Финалистерді анықтайды.
- Байқау комиссиясының шешімі негізінде 3 жұмыс күні ішінде Финалистпен жеке талдамалық есепті әзірлеу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалады. Гонорар сомасы салық төлемдерін есепке алғанда 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды.
- Конкурс комиссиясының шешімі бойынша Бағдарлама Финалистері 1 жыл мерзімге ҚСЗИ-дің кадрлық резервіне енгізуге ұсынылады.