Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

ҚСЗИ директоры Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Даце Рутка ханыммен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақ бағыттарын талқылады. ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Қазақстан мен Латвия арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың, сондай-ақ екі елге ортақ мәселелер бойынша сараптамалық диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Талқылау барысында сараптамалық және талдамалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды. ҚСЗИ тарапынан зерттеу орталықтары мен академиялық қауымдастықтар арасында ұзақ мерзімді институционалдық байланыстар орнатуға дайын екені жеткізілді.

Перспективалы бағыттар арасында цифрландыру және электрондық басқару салалары, соның ішінде цифрлық мемлекеттік қызметтер бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндіктері аталды.

Өз кезегінде Латвия Республикасының Елшісі екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдіріп, өзекті бағыттар бойынша сындарлы диалогты дамытуға әзір екенін айтты.

Кездесу нәтижесінде тараптар сараптамалық тректің маңыздылығын атап өтіп, институционалдық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.