Skip to content
Басты бет » Мацусита институтының делегациясымен кездесу

Мацусита институтының делегациясымен кездесу

2026 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Жапонияның Мацусита мемлекеттік басқару және менеджмент институтының өкілдерімен кездесу өтті.

Жапон делегациясының құрамында институт проректоры Кенжи Озеки, аға кеңесші, Жапонияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі (2018–2021 жж.) Татсухико Касай, Білім беру және кадр даярлау департаментінің директоры Йочиро Мориока, сондай-ақ институт стипендиаттары болды.

ҚСЗИ атынан директордың орынбасары Дәурен Әбен, Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев және институттың өзге де қызметкерлері қатысты.

Кездесуде тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының басым бағыттарын, сондай-ақ қазақ-жапон ынтымақтастығын одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Екіжақты диалогты дамытуда және басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруда сараптамалық және білім беру институттарының атқаратын рөліне ерекше назар аударылды.

Мацусита мемлекеттік басқару және менеджмент институты – Жапониядағы белгілі білім беру және ғылыми-зерттеу мекемесі. Оны Panasonic корпорациясының негізін қалаған Коносукэ Мацусита құрған. Институт мемлекеттік басқару, саясат және бизнес салаларындағы болашақ көшбасшыларды даярлауға маманданған.

Дайджест жаңалықтарына жазылу