Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Израиль Мемлекетінің Елшілігі делегациясымен кездесті

ҚСЗИ директоры Израиль Мемлекетінің Елшілігі делегациясымен кездесті

15 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ҚСЗИ директоры Жандос Шаймардановтың Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Йоав Быстрицкимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кең ауқымды бағыттар бойынша нығайту перспективаларын талқылады. Жандос Шаймарданов Қазақстан мен Израиль арасындағы жан-жақты әріптестікті дамытудың маңыздылығын, әсіресе жасанды интеллект, цифрлық трансформация және стартап-экожүйелерді қоса алғанда, озық технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықтың өзектілігін атап өтті.

Қонақтарды институттың негізгі қызмет бағыттарымен таныстыра отырып, ҚСЗИ директоры екі елдің ғылыми-білім беру мекемелері мен талдау орталықтары арасындағы өзара әрекеттестікті жандандыру, экономика, саясат және халықаралық қатынастар салаларында тәжірибе мен сараптамалық ақпарат алмасудың маңыздылығын айтты.

Өз кезегінде Израиль Мемлекетінің Елшісі Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілігін білдіріп, әріптестіктің жоғары әлеуетін және сараптамалық өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін атап өтті.

Дайджест жаңалықтарына жазылу