2026 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Франция Қарулы күштер министрлігінің Халықаралық қатынастар және стратегия бас дирекциясы Еуропа, Солтүстік Америка және көпжақты қатынастар басқармасы бастығының орынбасары Патрик Брийан бастаған делегациясымен кездесу өтті.
Кездесуде ҚСЗИ директорының орынбасары Дәурен Әбен қонақтарға институттың қызметі мен негізгі зерттеу бағыттары туралы айтып, оның мемлекеттік саясатқа сараптамалық тұрғыдан қолдау көрсетудегі рөліне тоқталды.
Тараптар халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарына, өңір қауіпсіздігіне және Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың болашағына ерекше назар аударды.
Кездесу соңында тараптар сарапшылар арасындағы байланысты сақтап, екі елді де қызықтыратын мәселелер бойынша пікір алмасуды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.




