2026 жылғы 30 қазанда Астанада қоршаған ортаны қорғау, климаттық тәуекелдер және қарулы қақтығыстардың гуманитарлық салдарларына арналған «Климат, қоршаған орта және қарулы қақтығыстар. ЭНМОД конвенциясына 50 жыл» атты халықаралық сарапшылық кездесу өтті.
Халықаралық Қызыл Крест комитеті (ХҚКК) ұйымдастырған іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, дипломатиялық корпустың, ЕҚЫҰ-ның, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты атынан Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы Замира Жолдасқызы қатысты.
Кездесу барысында ҚСЗИ-дың су қауіпсіздігі және жерасты суларын басқару саласындағы зерттеу нәтижелері таныстырылды. Сарапшы гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, экологиялық мониторинг жасау және озық технологиялармен алмасу ісінде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.



