Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкичпен «Елшілік сағаты» форматында кездесу өтті.
Дәріс барысында дипломат Брюссель мен Астана арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын ұсынды. Қазақстандағы жақында жүргізілген конституциялық реформаға және оның институционалдық нәтижелеріне ерекше назар аударылды.
ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейі мен стратегиялық сипатын атап өтіп, 2026 жылдың маусым айында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін берген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге сапарының маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара аясында өткен ашық сұрақ-жауап сессиясында ҚСЗИ сарапшылары ЕО Елшісімен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағы, көлік байланысы мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және білім беру саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы аймақтандырудың жалғасып жатқан процестерге және халықаралық саясаттағы өзекті үрдістерге назар аударылды.
«Елшілік сағаты» ҚСЗИ дәстүрлі түрде шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшыларымен тікелей кәсіби диалогты дамыту мақсатында өткізеді. Мұндай кездесулер институт сарапшыларына екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікірлерімен алмасуға, сондай-ақ шетелдік серіктестерінің ұстанымдары туралы тікелей білуге мүмкіндік береді.









