Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры КазГЮУ студенттеріне дәріс өткізді

ҚСЗИ директоры КазГЮУ студенттеріне дәріс өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ студенттеріне дәріс өткізді.

«Адами капиталды дамыту» тақырыбындағы дәрісінде ҚСЗИ директоры «Неге кей елдер бай, ал басқалары кедей?» деген сұраққа адами капитал призмасы арқылы мемлекеттің дамуын түсіндіретін теория тұрғысынан жауап берді. Еске сала кетейік, бұл теорияның негізін қалаушылар «Халық, капитал және экономикалық өсім» кітабының авторы Саймон Смит, Гари Бэккер және т.б.

Е.Тұқымов барлық табысты елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жаңғырудың негізгі себебі адами капитал екенін атап өтті.

Қазақстанның адами капиталын дамытудың оң және сыни факторлары туралы айта келе, ҚСЗИ басшысы еліміздің демографиялық терезесіне тоқталды. «Реформа жүргізу уақытының өзіндік демографиялық шекаралары бар. Бүгінде қазақстандықтардың орташа жасы 31,7 жасты құрайды. Алайда 2035-2040 жылдардан кейін 15 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлердің үлесі артуы мүмкін. Бұл экономиканың даму қарқынына әсер етеді. Осыған байланысты Қазақстанға білімді таланттар қажет».

Сондай-ақ Е.Тұқымов Гарвард университетінің Қазақстандағы ресми өкілі ретінде университетке түсу тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға практикалық ұсыныстар берді.