Күні кеше ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылған қазақ-түрік сараптамалық дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара онлайн форматта ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер орталығы мен Түркияның Сыртқы саяси зерттеулер институтының жетекші сарапшыларын жинады.
Дөңгелек үстелде Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ олардың Орталық Азия өңіріндегі өзара байланысты қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. Сарапшылар қазіргі геосаяси және экономикалық трендтер туралы пікір алмасып, екіжақты қатынастардың даму келешегін қарастырды.
Іс-шара түркі әлемі кеңістігінде бейбітшілік, қауіпсіздік және орнықты даму идеяларын ілгерілету мақсатында қос ел арасындағы сенімді ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығына бағытталды. Қатысушылар әрекеттестіктің одан әрі дамуына және азаматтардың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін ұсынымдарды алға тарту үшін тұрақты негізде екіжақты әрі көпжақты кездесулер өткізуге қызығушылық білдірді.