Skip to content
Басты бет » Қазақстанның өңірлері: сын-қатерлері мен шешу жолдары

Қазақстанның өңірлері: сын-қатерлері мен шешу жолдары

ЖАС САРАПШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Қазақстанның өңірлері: сын-қатерлері мен шешу жолдары» атты үшінші Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты – отандық жас зерттеушілердің сарапшылық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, қоғамдық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуіне қолдау көрсету.

Өтінімдер 2024 жылдың 1 мамырынан 1 маусымы аралығында қабылданады.

Байқауға қатысуға гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы магистр дәрежесі, ғылыми журналдарда жә жарияланымы, сондай-ақ кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 40 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер бекітілген Ережеге сәйкес granty.kisi2024@gmail.com  электрондық поштасына Өтінім жіберуі керек.

Жүктеу:

Бағдарлама қатысушылары ҚСЗИ зерттеу бағыттарына сәйкес топтық және жеке талдамалық баяндамалар әзірлеуі қажет. Бағдарлама қатысушыларының зерттеу дағдыларын дамыту үшін арнайы тренингтер мен семинарлар өткізіледі.

Зерттеу бағыттары:

  • Ішкі саясат
  • Әлеуметтік саясат
  • Экономика
  • Халықаралық ынтымақтастық

Өтінімге келесі құжаттар кіреді:

  • осы Ереженің №2 қосымшасына сәйкес толтырылған өтініш нысаны (pdf форматындағы қол қойылған скан-көшірмесі және Word-ғы электронды нұсқасы);
  • осы Ереженің №3 қосымшасына сәйкес уәждемелік эссе (pdf форматындағы қол қойылған скан-көшірмесі және Word-ғы электронды нұсқасы);
  • осы Ереженің №4 қосымшасына сәйкес зерттеу тақырыбының негіздемесі (proposal) (pdf форматындағы қол қойылған скан-көшірмесі және Word-ғы электронды нұсқасы);
  • үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың скан-көшірмесі;
  • магистратураны бітіргені туралы дипломның, философия докторы (PhD)/ профилі бойынша доктор/ ғылым кандидаты/ ғылым докторы (ғылыми дәрежелер бар болса) бітіргені туралы дипломның скан-көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының немесе еңбек өтілін растайтын өзге де құжаттардың скан-көшірмелері;
  • ғылыми еңбектерінің тізімі, мақалалардың скан-көшірмесін немесе жарияланымдарға белсенді сілтемені қосымша жолдау міндетті.
  • Келесі жағдайларда ҚСЗИ себептерін көрсетпей Өтінімді қараудан бас тартуға құқылы:
  • Өтінімді хабарламада көрсетілген мерзімнен кеш ұсыну;
  • Үміткердің құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы, Өтінімде толтырылмаған тармақтардың болуы және/немесе Өтінімнің/Үміткердің осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеуі;
  • құжаттардағы дәйексіз деректердің анықталуы;
  • ҚСЗИ үшін беделдік нұқсан келтіретін мәліметтердің анықталуы;
  • құжаттардың скан-көшірмелерінің сапасының төмендігі;
  • уәждемелік эссе мен зерттеу тақырыбының негіздемесіндегі жалпы сөздер саны бойынша талаптардың сақталмауы.

Бағдарламаға Қатысушылар 4 апта бойы жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылардың Бағдарламаға Қатысушылардың зерттеу тақырыптары бағыттары бойынша оқитын бірқатар оқу-әдістемелік тренингтер мен семинарлардан өтеді. Оқу модулін аяқтағаннан кейін Бағдарламаға Қатысушылары 8 апта ішінде уәждемелік эсседе көрсетілген тақырып бойынша жеке талдамалық баяндамаларды әзірлейді.

Байқауға қатысу тегін. Үміткер бір ғана Өтінім беруге құқылы. Үміткер ҚСЗИ-ға өтінім бергеннен кейін Өтінімнің осы Ереженің талаптарына сәйкессіздіктерін жою мақсатында Өтінімге өзгерістер енгізуге құқығы жоқ. Өтінімді қарау Үміткердің жазбаша өтініші бойынша ҚСЗИ тарапынан тоқтатылуы мүмкін.

Бағдарлама туралы толық ақпарат, оның ішінде Бағдарлама ережелері, өтінімдер және іске асыру мерзімдері ҚМСИ-нің www.kisi.kz ресми сайтында орналастырылған. Сұрақтарыңыз болса granty.kisi2024@gmail.com электрондық поштасына жіберіңіз.

Финалистерді іріктеу:

Үйлестіруші Бағдарламаға қатысушылардың жеке талдамалық есептерін Конкурстық комиссияның қарауына жібереді. Байқау комиссиясы ұсынылған талдамалық есептерді 5 жұмыс күні ішінде бағалайды және жай дауыс беру арқылы Финалистерді анықтайды.

Байқау комиссиясының шешімі негізінде 3 жұмыс күні ішінде Финалистпен жеке талдамалық есепті әзірлеу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалады. Гонорар сомасы салық төлемдерін есепке алғанда 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды.