Skip to content
Басты бет » Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығымен кездесуі: талдамалық жұмыс пен сараптаманы нығайту

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығымен кездесуі: талдамалық жұмыс пен сараптаманы нығайту

Кездесуге ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов, директордың орынбасары Асқар  Нұрша, халықаралық қауіпсіздік бөлімінің бас сарапшысы Эмин Джаббаров, ӘСЗО тарапынан президент, генерал-майор Асхат Рыспаев, вице-президент Нияз Белгібеков және бас сарапшы  Айдар Кикимов қатысты.

Айта кетейік, биыл шілде айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мемлекеттік саясаттың сапалы талдамалық сүйемелдеуіне баса назар аударды. Осы орайда келіссөз барысында сараптаманы нығайтатын әрі институттар арасында байланыс орнататын тетіктер мен құралдар талқыланды. Сонымен қатар қос тарап стратегиялық және әскери-стратегиялық аспектілерде талдама жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстары мен идеяларын ортаға салды.