Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Польша Сыртқы істері министрлігі делегациясымен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Польша Сыртқы істері министрлігі делегациясымен кездесу өтті

2025 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Польша Республикасының Сыртқы істер министрлігінің делегациясымен кездесу өтті.

Делегацияны Польша СІМ-нің Шығыс департаментінің директоры Войчех Заёнчковски бастап келді. Оның құрамында Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михал Лабенда, Орталық Азия бөлімінің басшысы Мартына Лещица, Шығыс департаментінің бөлім басшысы Бартощ Зданюк және Польша Елшілігінің кеңесшісі Марлена Кацпжак-Ручиньска болды.

Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, Қазақстан мен Польша арасындағы сараптамалық-талдамалық деңгейдегі диалогты нығайту, сондай-ақ өзекті халықаралық күн тәртібі мен практикалық өзара іс-қимыл перспективалары бойынша пікір алмасу өтті.

Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударды.

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Қазақстан мен Польша арасындағы ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінде оны кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Екі ел арасында саяси диалогты, экономикалық әріптестікті және сараптамалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық білдірілді.