«Алматы декларациясы: диалог, ынтымақтастық және тату көршіліктің 35 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов пен Орталық Азия халықаралық институтының директоры Жавлон Вахабов екі институт арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды.
Құжат Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші сараптамалық орталықтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сарапшылық диалогты кеңейтуге және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша бірлескен зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.
Жоспар аясында тараптар бірлескен сарапшылық іс-шараларды өткізуді, ғылыми мақалалар мен басқа да академиялық жарияланымдар дайындауды, сондай-ақ екі елдің сарапшылық қоғамдастықтары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуды жалғастыруды көздейді.
Аталған құжатқа қол қою ҚСЗИ мен ОАХИ арасындағы екіжақты сараптамалық-талдамалық ынтымақтастықты дамыту жолындағы кезекті маңызды қадам болды.





