Skip to content
Басты бет » Жапония делегациясымен кездесу

Жапония делегациясымен кездесу

25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ииджима Ясумаса және Жапония Елшілігінің екінші хатшысы Эйта Коичимен кездесу өтті.

Кездесу барысында Жапония мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен қарым-қатынастардың даму перспективалары, соның ішінде сараптамалық деңгейдегі өзара іс-қимыл және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов кездесу барысында Жапониямен серіктестік қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, елдер арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді. Ол Қазақстан мен Жапония сараптамалық орталықтарының белсенді өзара іс-қимылы екіжақты байланыстарды дамыту үшін маңызды шарт болып табылатынын ерекше атап өтті.

Жапон делегациясының өкілдері барлық деңгейдегі тығыз ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды іске асыру Жапония мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен достықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.