«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75 30 59, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Дерекқорлармен жұмыс жөніндегі бөлімінің сарапшы, В1-5 санаты, 2 дана.
Функционалдық міндеттері: Зерттеу институтында дерекқорды, деректерді сақтау жүйесін және жасанды интеллектті (AI) қолдануды басқару, конфигурациялау және оңтайландыру; дерекқорды басқару жүйесін (ДҚБЖ), деректерді сақтау жүйелерін және AI көмегімен қосымшаларды әзірлеуге арналған платформаларды орнату және конфигурациялау; AI қолданбаларын пайдалану кезінде деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету; AI бар дерекқордың, деректерді сақтау жүйелерінің және қолданбалардың өнімділігі мен қолжетімділігін бақылау; AI көмегімен дерекқор мен қосымшалардың сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру; SQL сұрауларын, дерекқор архитектурасын оңтайландыру және қолданбаларда AI қолдану үшін дерекқор әзірлеушілерімен, дерекқор әкімшілерімен және AI сарапшыларымен ынтымақтастық; Big Data дерекқорларын және AI қосымшаларын пайдалануға байланысты мәселелерде институттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-5 | 468 865 | 565 267 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.
Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.