Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші жыл қатарынан еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиғаға айналып отырған бағдарламалық сұхбат форматында жыл қорытындысын шығарды. Басты ньюсмейкер жауапкершілігін мойнына ала отырып, қоғамда туындай бастаған көптеген сауалдарға тұшымды жауаптар беріп, басымдықтарды атады. Бұл алыпсатарлық үдерсітерді азайтуға көмектеседі. Мұны жауапты тұлғаларға үлгі және ашық диалог қағидаттарына берілгендік ретінде де қарастыруға болады.
2024 жылғы басты оқиғалардың бірі су тасқыны болды. Біздің Солтүстік Қазақстан облысы да бұл апатты бастан өткеріп, барынша төтеп берді. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтірудің бұрын-соңды болмаған ауқымы шарасы мемлекеттің қарапайым халыққа деген көзқарасының айқын мысалы болды. 3,5 миллиард текше метр су бүкіл облыс тұрғындары үшін үлкен сынаққа айналды. Бөгеттерге бірінші болып мемлекеттік қызметкерлер барғанын мойындау қажет. 300 әскери қызметкер мен еріктілер бас қосып, бүкіл халықтың бірлігін паш етті. Жазда 240-тан астам үй қалпына келтіріліп, 2 мыңнан астамы бұзылды. Су тасқынынан зардап шеккендер үшін мың жарымға жуық пәтер сатып алынса, 700 тарта жаңа пәтер салынды. Азаматтардың әл-ауқатын одан әрі қамтамасыз ету енді жергілікті басшыларға байланысты.
Өнеркәсіп өндірісіндегі өз үлесі бойынша алғаш рет тау-кен өнеркәсібі саласының деңгейіне жеткен өңдеуші сектордың үдемелі өсуі өткен жылдың жетістіктерінің бірі болды. Бұл ел экономикасының сапалы нығаюын көрсетеді.
Біздің ауылшаруашылыққа негізделген аймағымыз үшін астық түсімі мен бағаның маңызы зор. Рекордтық астық 26,5 миллион тонна, облыс бойынша 6,2 миллион тонна астық жиналды, бұл үлкен жетістік. Дегенмен, бұл бүкіл саланы әртараптандыру қажеттілігін де айқын көрсетті. Міне, тағы да мемлекет астық сатып алуға 10 миллиард теңге бөліп, астық өндірушілерімізге көмектесті. Солтүстік Қазақстан облысында 49 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қайтарылды, бұл да сот төрелігінің әділеттілігін көрсетеді. Осының барлығы жақсы менеджмент жағдайындағы облысымыздың әлеуетінің зор екендігін көрсетеді.
Енді біз Үкіметтің кеңейтілген отырысын күтеміз және Қазақстанда барлық секторлар мен тапсырмалар тұрғысынан қол жеткізілген нәтижелерді тыңдайтын боламыз.
Руслан Асаубаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі, өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас сарапшысы