«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-30-59, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы, В1-2 санаты
Функционалдық міндеттері: Әлеуметтанулық және өзге де зерттеулер қорытындылары бойынша аналитикалық материалдарды, әлеуметтанулық құралдарды дайындауға қатысу; бөлім қызметінің бағыттары бойынша ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, сараптамалық кездесулерді және өзге де іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу; бөлімнің ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа бағыттарын әзірлеуге қатысу, оларды іске асыру әдістері мен құралдарын, олардың нәтижелерін қолдану аясын ұсыну; заңдардың, тұжырымдамалардың, нормативтік-құқықтық, бағдарламалық және әдістемелік құжаттардың, болжамдар мен ұсыныстардың жобаларын сараптауға қатысу; мемлекеттік органдардың зерттеулерін әдіснамалық сүйемелдеу бойынша жұмысқа қатысу; республикалық және халықаралық ғылыми форумдарға қатысу; БАҚ-та сөз сөйлеу.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-2 | 652 162, 76 | 786 695, 36 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі кемінде 10 жыл; немесе «Магистр» академиялық дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD ғылыми дәрежесі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама;
7) жеке куәлікте көрсетілген дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-30-59.