Бауыржан Өмірзақов, ҚР Президенті жанындағы
ҚСЗИ Жаһандық экономика және тұрақты
даму бөлімінің бас сарапшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының жүйе құраушы салаларының бірі – тау-кен металлургия кешенін (ТМК) дамыту стратегиялық басымдық екенін тағы да атап өтті.
Қазақстан бай минералды-шикізаттық базаға ие. Мыс, уран, хром, никель және сирек жер металдарының қоры еліміздің жаһандық құн тізбегіне енуіне мүмкіндік береді. Әлемдік энергетикалық трансформация жағдайында бұл ресурстар «жасыл» экономиканы құрауда аса маңызды рөл атқарады. Мысалға, аккумулятор батареяларын өндіру, жел және күн энергетикасын дамыту осыған дәлел.
Дегенмен, әлеуетпен қатар қиындықтар да баршылық. Ең бастысы, минералды базаны жаңарту қажет. Осылайша, игеруге дайындалған кен орындарының үлесі айтарлықтай төмендейді, бұл инвесторлар үшін жоспарлау көкжиегін қысқартады. Осының аясында Қазақстанға жаһандық беделі бар ірі ТҰК-лардың келе жатқанын көріп отырмыз, бірақ отандық орта және шағын компанияларды қолдау, оларға қажетті жағдай жасау да маңызды, – деді бұл туралды Мемлекет басшысы.
Тағы бір күрделі кедергі – өңдеу тереңдігінің технологиялық артта қалуы. Тау-кен металлургия кешенін дамытудағы жаңа екпіндер сатылған өнімнен түсетін экспорттық кірісті арттыруға ғана емес, сонымен қатар технологиялық кластерді дамытуға да бағытталуы тиіс. Бұл, әсіресе, сұраныс артып келе жатқан сирек жер металдарына көңіл бөлудің артуы аясында маңызды. Қосылған құны жоғары өнім өндірісін кеңейтіп, жаңа нарықтарды ашу маңызды.
Сала кадр мәселесін де шешуі керек. Тау-кен металлургия кешеніндегі жұмысшылардың орташа жасы 50-ге таяп қалды, жас мамандардың ағыны шектеулі. Заманауи технологияларды енгізу үшін автоматтандыру, цифрландыру және жасыл технологиялар бойынша дағдылары бар жаңа буынның инженер-металлургтері, геологтары мен IT мамандары қажет. Бүгінде кадр тапшылығы негізгі бағыттарда мыңдаған маманды қажет етеді, ал егер білім беру бағдарламалары тұрақты түрде жаңартылмаса, ол тек ұлғая түспек. Осы жағдайларда саланы кешенді дамытуға көшу үшін жағдай жасау – стратегиялық міндет. Геологиялық барлауды кеңейту, өңдеуге және жаңа деңгейдегі металлургияға инвестиция тарту, ғылыми-білім беру базасын дамыту және өндіріске «жасыл стандарттарды» енгізу басым бағыттар қатарында тұр.