Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ қабырғасында Моңғолия сарапшыларымен кездесу өтті

ҚСЗИ қабырғасында Моңғолия сарапшыларымен кездесу өтті

2026 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі Халықаралық талдау орталығының (ITT LLDC, Моңғолия) атқарушы директоры Дулгуун Дамдин-Одпен және орталықтың бағдарламалық қызметкері Энхсайхан Содболормен кездесу орын алды.

Қазақстан тарапынан кездесуге ҚСЗИ директорының орынбасары Даурен Әбен мен ҚСЗИ Азиялық зерттеулері бөлімінің басшысы Айдар Кұрмашев қатысты.

Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібі аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Дулгуун Дамдин-Од мырза талдау орталығының қызметі, сондай-ақ оның негізгі жұмыс бағыттары туралы жан-жақты баяндады. Тараптар ҚСЗИ мен ITT LLDC арасындағы сараптамалық өзара іс-қимылды дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылар сараптамалық байланыстарды нығайтудың өзектілігін атап өтіп, талдау орталықтары желісі аясында ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік білдірді.

Дайджест жаңалықтарына жазылу