Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Беларусь Елшісімен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Беларусь Елшісімен кездесу өтті

2025 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесу өтті.

ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Елшіні институттың қызметімен және негізгі зерттеу бағыттарымен таныстырды. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын және серіктестік қатынастарды тереңдету әлеуетін, соның ішінде сараптамалық трек пен экономикалық өзара іс-қимыл бағытын талқылады.

Өз кезегінде А. Богданов өзара түсіністікті нығайтудың және сараптамалық диалогты кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Беларусь арасындағы әріптестікті дамытуға ықпал етуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тұрақты байланыстарды қолдау және бірлескен іс-шаралар мен зерттеу жобалары арқылы сараптамалық өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті екендерін растады. Сондай-ақ ҚСЗИ директоры Беларусь Елшісіне ағымдағы жылдың 15–16 қазанына жоспарланған Astana Think Tank Forum-ға қатысуға келісім бергені үшін алғысын білдірді.