Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ қабырғасында Корея Республикасы дипломаттарымен кездесу өтті

ҚСЗИ қабырғасында Корея Республикасы дипломаттарымен кездесу өтті

17 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Пэк Джу Хён бастаған Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігі делегациясымен кездесу өтті.

ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Қазақстан мен Корея Республикасының сенімге, өзара қолдауға және аймақаралық байланысты нығайтуға негізделген тұрақты стратегиялық серіктестік орнатып келе жатқанын атап өтті.

Кездесуде «C5+1» форматындағы саммиттерді ұйымдастыру мәселелері, осы формат жөніндегі Орталық Азия мемлекеттерінің ұстанымдары және алғашқы «Орталық Азия – Оңтүстік Корея» саммитінен Қазақстан күтетін нәтижелер жан-жақты қарастырылды

Сонымен бірге экономикалық ынтымақтастық және саммитке дайындық үдерісіндегі сарапшылар қауымдастығының маңызы сөз болды.

Кореялық дипломаттар мазмұнды пікір алмасу үшін ҚСЗИ басшылығына ризашылық білдіріп, бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға мүдделі екендерін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аналитикалық ақпарат алмасуды жүйелі түрде жүргізіп, «Орталық Азия – Оңтүстік Корея» саммитіне дайындық аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.