Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің аға сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің аға сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, телефоны: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 221),

E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің аға сарапшысы, В1-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Мүдделі мемлекеттік органдар үшін социологиялық және өзге де зерттеулердің қорытындылары бойынша талдамалық материалдарды дайындауға, сондай-ақ Өңірлік даму мәселелері бойынша талдамалық материалдарды әзірлеуге, сараптамалық пысықтауға және дайындауға қатысу. Бөлімнің функционалдық бағынысындағы институттың өңірлік өкілдіктері желісінің қызметін үйлестіруге, ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, сараптамалық кездесулерді және бөлім қызметінің бағыттары бойынша өзге де іс-шараларды дайындауға және өткізуге, сондай-ақ республикалық және халықаралық ғылыми форумдарға қатысу. Институттың ресми веб-сайты және оның әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы бөлім қызметін ақпараттық сүйемелдеу; бөлімнің жұмыс жоспарларын орындау, талдамалық анықтамалар мен баяндамалар дайындау.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
В1-4563 755,63680 350,55

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, немесе «магистр» академиялық дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, немесе ғылым докторы немесе кандидаты немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған кезде, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама;

7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан  мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 520 каб., телефон: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 221).