Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, телефоны: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 205, ішкі 221),

E-mail: office@kisi.kz  бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы, А2-1 санаты

Функционалдық міндеттері: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру; жылдық және ағымдағы жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу, бөлімнің жұмысы туралы есептер жасау және оларды Институт басшылығына ұсыну; тұжырымдамалардың, нормативтік-құқықтық, бағдарламалық және әдістемелік құжаттардың, болжамдар мен ұсыныстардың жобаларын әзірлеуге қатысу; бөлім қызметінің бағыты бойынша қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу; жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындаушыларын айқындау, жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуын бақылау, сондай-ақ бөлім қызметкерлері орындаған ғылыми жұмыстардың сапасына жауапкершілік; бөлім қызметінің бағыты бойынша іс-шараларды дайындау мен өткізуге жедел басшылықты жүзеге асыру; Институттың шетелдік және халықаралық ғылыми орталықтармен ғылыми байланыстарын кеңейту жөніндегі бастамалар; шетелдік делегациялармен, шетелдік ұйымдар мен БАҚ өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізу.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
А2-1748 257, 48909 696, 59

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым докторы немесе кандидаты немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама;

7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан  мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 520 каб., телефон: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 205, ішкі 221).