«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, телефоны: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 205, ішкі 221),
E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы, А2-1 санаты
Функционалдық міндеттері: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру; жылдық және ағымдағы жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу, бөлімнің жұмысы туралы есептер жасау және оларды Институт басшылығына ұсыну; тұжырымдамалардың, нормативтік-құқықтық, бағдарламалық және әдістемелік құжаттардың, болжамдар мен ұсыныстардың жобаларын әзірлеуге қатысу; бөлім қызметінің бағыты бойынша қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу; жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындаушыларын айқындау, жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуын бақылау, сондай-ақ бөлім қызметкерлері орындаған ғылыми жұмыстардың сапасына жауапкершілік; бөлім қызметінің бағыты бойынша іс-шараларды дайындау мен өткізуге жедел басшылықты жүзеге асыру; Институттың шетелдік және халықаралық ғылыми орталықтармен ғылыми байланыстарын кеңейту жөніндегі бастамалар; шетелдік делегациялармен, шетелдік ұйымдар мен БАҚ өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізу.
Лауазымдық жалақысы:
| Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
| min | max | |
| А2-1 | 748 257, 48 | 909 696, 59 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым докторы немесе кандидаты немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама;
7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 520 каб., телефон: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 205, ішкі 221).

