Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ қабырғасында Ресей Елшісімен кездесу өтті

ҚСЗИ қабырғасында Ресей Елшісімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Елшілік сағаты» форматында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өтті.

Іс-шара барысында ресейлік дипломат Қазақстан-Ресей қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына қатысты пікірін білдірді. Екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті үрдістерге ерекше назар аударылды.

ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Қазақстан мен Ресей арасындағы орнықты саяси диалогқа, тығыз экономикалық байланыстарға және түрлі салалардағы көпжылдық өзара іс-қимылға негізделген қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен стратегиялық сипатын атап өтті. Ол екі ел үшін өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сараптамалық диалогты одан әрі жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

Елшінің сөзінен кейін сұрақ-жауап форматында ашық пікір алмасу өтті. ҚСЗИ сарапшылары елшімен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын, білім беру және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды, энергетика саласындағы кооперацияны дамыту мәселелерін, сондай-ақ Орталық Азиядағы қазіргі үдерістер мен халықаралық ахуалдағы өзгерістерді талқылады.

«Елшілік сағаты» форматы ҚСЗИ-де шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен тікелей кәсіби диалогты дамыту мақсатында дәстүрлі түрде өткізіледі. Мұндай кездесулер Институт сарапшыларына екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға, сондай-ақ шетелдік серіктестердің ұстанымдарымен тікелей танысуға мүмкіндік береді.

Дайджест жаңалықтарына жазылу