Президенттік дебаттар көбінесе сайлау алдында өтетін маңызды шаралардың бірі. Ол сайлаудың қорытындысына әжептәуір әсер етеді. Себебі сайлаушылар дебаттан кейін үміткерлерге деген көзқарасын өзгертуі мүмкін.
Дебат үміткерлердің қандай екенін білуге және олардың сайлауалды бағдарламасымен танысуға мүмкіндік береді. Бұны саяси бәсекенің бір түрі десе де болады. Дебатта ыңғайсыз немесе нақтылайтын сұрақ қою арқылы белгілі бір шешімге келуге болады.
Талқылау қорытындысы бойынша көрермендер сайлауда дауыс беру түрінде қатысушыларға өз бағасын беруі қажет. Теледебаттар жанама жүргізілсе де, сайлаудың бәсекелік сипаты үшін маңызды.
Президенттік дебат бірнеше раундтан тұрады: сайлау алдындағы бағдарламаның тұсаукесері, пікірталас сессиясы, сұрақтарға жауап беру және сайлаушыларға үндеу жіберу.
Үміткерлер берілген тақырып немесе мәселе бойынша аудиторияда белгілі бір пікір қалыптастыру мақсатында ауызша ақпараттан басқа бейсезімдік ақпарат жеткізуді де пайдаланады.
Жалпы айтқанда, теледебат сайлаушылар үшін ыңғайлы формат. Себебі олар дебат арқылы барлық үміткерлермен немесе олардың өкілдерімен танысып, сайлауалды бағдарламаларды толығырақ біліп, мықты және әлсіз жақтарын бағалай алады.
Алишер Тастенов,
ҚР Президенті жанындағы
ҚСЗИ бас сарапшысы