Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы, А2-1 санаты

Функционалдық міндеттері: Институт жұмысының жылдық, ағымдағы, тақырыптық жоспарларында бөлім үшін көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын таңдау, олардың түпкі мақсаттары мен болжамды нәтижелерін тұжырымдау, бөлім алдына қойылған міндеттерді шешу жолдарын айқындау; бөлімнің жылдық және ағымдағы жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу және оларды институт басшылығына ұсыну; жұмыс туралы есептер жасау бөлім және оларды институт басшылығына ұсыну; әлеуметтік-саяси зерттеулер шеңберінде заңдардың, тұжырымдамалардың, нормативтік-құқықтық, бағдарламалық және әдістемелік құжаттардың, болжамдар мен ұсыныстардың жобаларын әзірлеуге қатысу; шет тілін пайдалана отырып, бөлім қызметінің неғұрлым күрделі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу; жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындаушыларын айқындау, жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуын бақылау, ал бөлім қызметкерлері орындаған ғылыми жұмыстардың сапасына жауапкершілік; өңірлерде іс-шараларды (конференциялар, сараптамалық кездесулер және т.б.) ұйымдастыру және өткізу және қоғамдық-саяси және сараптамалық-талдамалық бағыттағы сыртқы алаңдарға қатысу.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
А2-1639 760777 790

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.

Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.