Skip to content
Басты бет » Қазақстан мен Тәжікстанның талдау орталықтары ынтымастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Тәжікстанның талдау орталықтары ынтымастық туралы меморандумға қол қойды

Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығының арасындағы өзара іс-әрекет туралы құжатқа қол қойылды.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонның келіссөздерінің қорытындысы бойынша, ресми делегациялардың қатысуымен, кеңейтілген құрамда өзара іс-әрекет туралы бірнеше құжаттарға қол қойды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум бар.

Құжатқа ҚСЗИ басшысы Еркін Тұқымов пен Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин қол қойды.

Меморандумға Қазақстан мен Тәжікстан ұйымдарының ғылыми-сараптамалық диалогы мен ынтымақтастығын дамыту мақсатында қол қойылды.