«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, телефоны: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 221),
E-mail: office@kisi.kz бос уақытшалауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Медиажобалар бөлімінің аға сарапшысы, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 2029 жылдың 23 наурызына дейін, В1-4 санаты
Функционалдық міндеттері: Жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; ҚСЗИ қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен хат алмасу; сараптамалық кездесулер, баспасөз конференциялары, брифингтер, мастер-кластар, баспа материалдарының тұсаукесерлерін өткізу; ҚСЗИ журналистермен, БАҚ өкілдерімен тұрақты және екі жақты байланысты қамтамасыз ету; PR-материалдарды дайындау және іске асыру (медиа-жоспарлар, контент-жоспарлар, промо-жоспарлар, пресс-релиздер); Facebook, Instagram, Twitter, Telegram, Youtube-арна, ҚСЗИ ресми сайтының ақпараттық және контенттік толтырылуын жүзеге асыру; имидждік өнімнің графикалық дизайнын дайындау; кітаптарды, брошюраларды, журналдарды, лифлеттерді және презентацияларды беттеуді жүзеге асыру; дизайн материалдарын өндіріске дайындау (алдын ала өңдеу); ұйымның веб-ресурстарына, сайтына және БАҚ-та жариялауға арналған макеттерді әзірлеу. Полиграфиялық дизайн негіздерін, графикалық бағдарламаларды (Adobe PhotoShop, Adobе Illustrator, CorelDraw, Adobе InDesign) міндетті түрде білу.
Лауазымдық жалақысы:
| Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
| min | max | |
| В1-4 | 563 755, 63 | 680 350, 55 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, немесе «магистр» академиялық дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 1 жыл, немесе ғылым докторы немесе кандидаты немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған кезде, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама;
7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 520 каб., телефон: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 221).

