Skip to content
Басты бет » «Қазақстанның болашақ келбеті» байқауының екінші кезеңі аяқталды

«Қазақстанның болашақ келбеті» байқауының екінші кезеңі аяқталды

2022 жылдың 7 қазанында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов «Қазақстанның болашақ келбеті» жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының қатысушыларымен кездесу өткізді.

Бағдарлама жас зерттеушілер мен дарынды сарапшылардың бастамасын қолдау, сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру, мәлімет жинау және талдау жұмысын ұйымдастыру, нарықтағы маңызды және қажетті дағдыларды дамыту мақсатында ҚСЗИ тарапынан маусым айында іске қосылды. Бағдарлама әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық, халықаралық бағыттары бойынша білім беру және ғылыми-зерттеу компоненттерінен тұрады.

«Қазақстанның болашақ келбеті» жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы аясында Білім беру хабының жұмысы жүргізіліп, онда Еркін Тұқымов, Досым Сәтбаев, Сұлтан Әкімбеков, Марат Шибұтов, Айгүл Забирова, Әзиз Бұрханов, Санат Күшкімбаев, Алуа Жолдыбалина, Асқар Нұрша сияқты Қазақстанның жетекші сарапшылары мен ғалымдары жас сарапшыларға арнап дәріс өткізді.

Кездесу барысында Бағдарлама қатысушыларына Білім беру хабының сертификаттары табысталды. Отырысқа Астана, Алматы, Тараз, Семей қалаларынан еліміздің жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, талдамалық құрылымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

ҚСЗИ болашақта сарапшылардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал ететін жас сарапшыларды қолдау бағдарламасын әрі қарай жалғастыруды көздейді.