Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ алаңында «Қазақстанның болашақ келбеті» жас сарапшылар бағдарламасына қатысушыларға арналған білім беру хабы жұмысын бастады

ҚСЗИ алаңында «Қазақстанның болашақ келбеті» жас сарапшылар бағдарламасына қатысушыларға арналған білім беру хабы жұмысын бастады

ҚСЗИ жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының білім беру хабы аясында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов және «Тәуекелдерді бағалау тобы» консалтингтік компаниясының директоры, белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев дәріс оқыды.

Өз сөзінде Е.Тұқымов Қазақстанның сыртқы саясаты бойынша стратегиялық талдау баяндамасына қатысты пікірімен бөлісті. Д.Сәтпаев коммуникациялық заңдылық, көлеңкелі аймақтар мен неонадандық мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның саяси жүйесінің алдында тұрған қатерлерді атап өтті.

Бағдарламаға қатысушылар дәріскерлермен сұрақ-жауап сессиясында жоғары белсенділік танытып, олардың негізгі тезистері бойынша өзара пікір алмасты.