Корея Республикасы елшісінің орынбасары Син Кюхо Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібін және екі елдің бірқатар аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарын талқылады. Технология саласындағы қазақстан-корея ынтымақтастығының болашағына және бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары мен бірінші «Орталық Азия — Корея Республикасы» саммитінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуын талқылады.
Сондай-ақ, олар G20 күн тәртібі және Қазақстанның G20 елдерімен өзара әрекеттестік басымдықтары бойынша пікір алмасты. Тараптар сараптамалық ынтымақтастық және халықаралық мәселелер бойынша аналитикалық бағалаулармен алмасу мүмкіндіктерін талқылады.





