Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ мен КИМЭП ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚСЗИ мен КИМЭП ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2023 жылғы 17 қарашада Алматыда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары КИМЭП Университетінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов пен КИМЭП Университетінің президенті Чан Йан Бэнг ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында тұрақты байланыстар орнатуға, жан-жақты білім беру, ғылыми-практикалық ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.